Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Құлыбаевтың орнында болсам, көлік сыйлар едім – Мақпал Жүнісова

Видеодан кадр

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Астанадағы концертінде миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесі, қоғам қайраткері Асқар Құлыбаевқа жауап берді.

Осының алдында Алматыдағы концертте Құлыбаевтардың үлкені әншіге сахнаға шығып, алдымен жылы тілегін айтады, кейін оның салмағына қатысты ескерту жасайды.

«10 келі тастасаң, баяғы қыздай боласың. Бұрын менің 60-жылдыққа қалай билеп, өлең айтқанымды білесің бе? Назарбаевтан басқасының бәрі аузын ашып, таңғалғанын білесің бе? Соның бәрін қайталауға болады. Қазір уақыт сондай, өзіңді қолға алу керек, өз-өзіңді ұстау керек, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек», — дейді Асқар Құлыбаев.

Осы жолы Мақпал Жүнісова елдің алдында сол сөздерге жауап берді.

«Құлыбаев, сізге не болды? Шынымен де миллиардер ғой. Мен ондай бай шал болсам, «Мақпалжан, 45 жыл сахнада жүр екенсің. Міне, саған көлік деп бере салар едім». Әрі кетсе, 15-20 мың доллар ғой. Мен де елге әперіп жүремін, білемін. Қандай көлік екенін айтпай-ақ, жай көлік деп жалпылама айта салса болар еді. Беделі жоғарылап кететін мүмкіндік еді ғой. Ал оның орнына мені «семізсің» деп намысыма тиді. Өздеріңіз айтыңыздаршы, тәп-тәуірмін ғой», — дейді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, Асқар Құлыбаев – мемлекеттік және саяси қайраткер, инженер және академик. Бұрын Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды дамыту министрінің қызметін атқарған. Сонымен қатар ол Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың әкесі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жанар Сердалина (@zhanar1serdalina)

Ұқсас жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады

Redaktor

«Студияда емес!» Арман Дүйсеновтің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты

Redaktor

Алтынай Жорабаева күйеуінің жылына екі рет бриллиант сыйлайтынын айтты

Redaktor