Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Қарағанды облысының әкімдігі

Олимпиада чемпионы, танымал қазақстандық боксшы Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Ол – бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ «Парасат» орденінің және Вэл Баркер кубогының иегері.

Жаңа қызметінде Серік Сәпиев ұлттық құрамалардың нәтижелерін арттыруға, боксты жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету үшін дайындық жұмыстарын жетілдіруге атсалысады.

Айта кетейік, Серік Сәпиев – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы және 2010 жылғы Гуанчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы.

Әр жылдары ол мемлекеттік қызметте де еңбек етіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, сондай-ақ өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі

Redaktor

Әли Әлиев: 20 миллион халық тұрғанда ақша маңызды емес

Redaktor

Александр Заруцкий «Қайраттан» кетті

Redaktor