Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, көпшіліктің талқысына түсті

Видеодан скрин

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, жаңа шаңырағына алып келгенін мәлімдеді. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған.

Өнер иесінің айтуынша, бұл қадам құдағиының өтінішімен жүзеге асқан.

«Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен шаңырағымызға түсірдік. Құдағиым Лиза “келінді өзіңіз ән айтып алып кетсеңіз” деп өтінген соң, соны орындадым. Баршаңызға жылы тілектеріңіз үшін рахмет», – деп жазды әнші.

Алайда бұл әрекет желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбірі мұндай дәстүрді алғаш рет көргенін айтса, енді бірі қазақы салтқа сай келмейтінін алға тартты.

Пікірлер арасында:

 «Енесі өзі ұзатып алғанды бірінші рет көріп тұрмын», «Бұл қай жақтың салт-дәстүрі?»,  «Қазақтың салтын бұзған дұрыс емес», — деген сыни көзқарастар да болды.

Сонымен қатар, әнші бұған дейін жалғыз ұлының таңдаған жарына сырға салғанын да жариялаған еді. Қазақы дәстүр бойынша өткен рәсімде Жазира Байырбекова мен жұбайы құдаларымен танысып, болашақ келіннің құлағына сырға таққан.

«Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген ерекше күн. Қазақтың салт-дәстүрімен ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан берекелі бастамасы», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, жас келіннің отбасы белгілі өнер иесі Кенжебек Жанәбіловтің әулетімен байланысты екені айтылуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)

Ұқсас жаңалықтар

Күзетпен жүргенге не жетсін — Дариға Бадықова

Redaktor

Атыраудағы қанды оқиға: күдіктілердің бұрынғы көршісі күтпеген жайтты айтты

Redaktor

Болат Назарбаевтың 14 баласы оның мұрасына өзара бөліспекші

Redaktor