Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

17 жастағы Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысы қатарына енді

"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Беделді Goal басылымы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты әлем футболындағы ең үздік 50 жас таланттың қатарына қосты.

Алматылық «Қайрат» клубының 17 жастағы өкілі NXGN 2026 рейтингінде 43-орынға жайғасты.

Басылым Сәтпаевқа берген сипаттамасында оның қазақстандық футболдың жаңа символына айналуға жақын екенін атап өткен.

«43. Дастан Сәтпаев («Қайрат», Алматы). Қазақстаннан шыққан ұлы футболшылардың есімі көпшіліктің ойына бірден келе бермейді. Алайда Дастан Сәтпаев осы түсінікті өзгертіп, әлем жанкүйерлеріне өз елінен шыққан кем дегенде бір жұлдыз бар екенін дәлелдеуге жақын. «Қайрат» сапында жарқырай көзге түскен 17 жастағы шабуылшыға «Челси» қызығушылық танытып, оны жазда «Стэмфорд Бриджге» ауыстыру үшін төрт миллион еуро көлемінде келісім жасады», – деп жазды Goal.

Сондай-ақ авторлар Сәтпаевтың Еуропа аренасындағы тарихи жетістігіне де тоқталған.

«Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылар арасында Ансу Фати мен Ламин Ямаль ғана Сәтпаевтан алда тұр. Сонымен бірге ол Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютант және ең жас гол авторы атанды», – делінген мақалада.

Goal басылымы футболшының ойын стиліне де жоғары баға берген. Мақалада оның шабуылды аяқтау шеберлігі жағынан аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэроға ұқсайтыны айтылған.

«Ойын мәнері мен шабуылды аяқтау шеберлігі тұрғысынан оны Серхио Агуэроға ұқсатуға болады. 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында ол 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Енді оның BlueCo жүйесіне өткеннен кейін жаңа деңгейге қалай бейімделетіні қызық», – деп түйіндейді басылым.

Айта кетейік, Goal нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік жас футболшыларының алғашқы үштігіне «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль, «Челси» ойыншысы Эстеван және каталондық клубтың қорғаушысы Пау Кубарси енді.

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаев Ламин Ямальмен бірге үздік жас ойыншылар қатарында

Redaktor

Ақсуаттағы спорт фестивалінде халық Ринат Зайытовке су жаңа автокөлік мінгізді

Redaktor

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Redaktor