Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Данияр Шамшаев ұзақ үзілістен кейін камбэк жасады

Фото: IJF

Хорватияның Дубровник қаласында ересектер арасында дзюдодан Еуропа кубогы басталды.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, үш медаль жеңіп алды: бір алтын, бір күміс және бір қола.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев турнир жеңімпазы атанды. Ал 60 келіге дейінгі салмақта Дамир Болатбеков күміс жүлдеге ие болды. 78 келіден жоғары салмақта Толқын Турсынқызы қола медаль жеңіп алды.

Аталған додаға 32 елден 305 спортшы қатысуда. Турнир 2026 жылғы 29 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Данияр Шамшаев халықаралық татамиге қайта оралды. Париж Олимпиадасындағы жеңілістен кейін ол тек екі рет жарысқа қатысқан болатын. Бұл – 24 жастағы спортшы үшін ірі деңгейдегі екінші халықаралық старт. 2025 жылы ол Аустриядағы Гран-при турниріне қатысып, кейін Aktau Open жарысында бақ сынады, алайда жүлдегерлер қатарына ене алмады.

Ұқсас жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан еркін күресті таңдағанына өкініш білдірді

Redaktor

«Барыс» «Автомобилисттен» овертаймда опық жеді

Redaktor

Парижде «жылап» танымал болған жапон дзюдошысының суреттері көшеге іліне бастады

Redaktor