Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фото: ©instagram.com/kzchessfederation

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісін тіркеді.

Үшінші турда ол Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді жеңді.

Бұған дейін Асаубаева турнирді Үндістан өкілі Вайшали Рамешбабуға қарсы тең нәтижемен бастаған, ал екінші турда ақ тастармен ресейлік Александра Горячкинамен тең түсті.

Төртінші турда қазақстандық шахматшы тағы бір қытайлық қарсылас – Тань Чжунъимен кездеседі.

Турнир Кипрде өтіп жатыр. Жарыс 16 сәуірде мәресіне жетеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанаға Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович келді

Redaktor

Волейбол турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

admin_beksports

«Командаға салмақ болғым келмейді»: Месси әлем чемпионатына бармауы мүмкін

Redaktor