Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін WBO уақытша орта салмақ чемпионы, британиялық Дензел Бентлимен өткізетін болды.
Еске салсақ, Әлімханұлы мен Бентли алғаш рет 2022 жылғы 12 қарашасында кездесіп, отандасымыз төрешілердің ұпай санымен жеңіске жеткен еді. Бентли соңғы жекпе-жегінде венесуэлалық Эндри Сааведраны жеңіп, уақытша чемпион атанды, бұл Жәнібекпен айқасқа жол ашты.
Айта кетейік, 2025 жылғы 2 желтоқсандағы VADA тестілеуінде Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан мелдоний анықталған соң, WBO тарапынан 2026 жылдың соңына дейін уақытша шеттетілген еді. Солай бола тұра, IBF чемпиондық белбеуінен айырылса да, WBO атағын сақтап қалды.
