Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Қызылжарға» жаңа шабуылшы келді

©instagram.com/kayserisporfk

Петропавлдың «Қызылжар» клубы шабуыл шебін тәжірибелі легионермен күшейтті, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Команда қатарына камерундық шабуылшы Стефан Баокен қосылды.

33 жастағы форвард – француз футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында ол алдымен «Ниццаның» жүйесінен өтіп, кейін Францияның Лига 1 додасында «Страсбур» мен «Анже» клубтарының намысын қорғады. Франция чемпионатында Баокен жалпы саны 240 матч өткізіп, 50 гол соққан.

Сондай-ақ шабуылшы Еуропаның өзге чемпионаттарында да өнер көрсеткен. Атап айтқанда, ол Шотландияның «Сент-Миррен», Түркияның «Касымпаша» және «Кайсериспор» клубтарында ойнаған.

Халықаралық деңгейде Баокен әуелі Францияның жастар құрамасында өнер көрсетті. Кейін тарихи отаны — Камерун құрамасын таңдады. Оның сапында 2021 жылғы Африка Ұлттар кубогының қола жүлдегері атанды.

Тәжірибелі шабуылшы «Қызылжар» сапындағы алғашқы ойынын 12 сәуір күні «Жеңіске» қарсы матчта өткізуі мүмкін.

Еске салайық, Қазақстан Премьер-лигасының төрт турында «Қызылжар» бес ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Спорттық резерв – спорттағы жоғары жетістіктердің негізі

Redaktor

Рафаэль Уразбахтин: Дастан Сәтпаев жарақатынан айықты, толық дайын

Redaktor

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы ойындарын қайда өткізетіні белгілі болды

Redaktor