Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Бұрын «Таразда» ойнаған футболшы QFL-ге басшы болып тағайындалды

Бұрын «Таразда» ойнаған футболшы QFL-ге басшы болып тағайындалды

Қазақстан футбол лигасының (QFL) жаңа президенті сайланды. Бұған дейін қызметінен кеткен Рафаэль Гарибянның орнын Ғани Қайназаров басты.

Бұл шешім лигаға мүше клубтар өкілдерінің кезектен тыс отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі QFL жаңа басшысының кандидатурасын мақұлдады.

Қайназаров әр жылдары футболшы ретін «Қайрат» пен «Тараз» клубтарында өнер көрсетіп, ұлттық құраманың да намысын қорғады. 1996 жылы «Тараз» сапында ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Футбол мансабын аяқтаған соң «Тараз» футбол клубының президенті, «Астана» ФК спорт директоры қызметтерінде болды. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясында құрама командалар департаментінің директоры болып та жұмыс істеді.

2024 жылдың 2 сәуірінде QFL вице-президенті ретінде тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін «елде білікті маман жоқ деп» сұхбат берген Рафаэль Гарибян өз еркімен қызметінен кеткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Станислав Черчесов: Бізге Холанд, Арнаутович сияқты жұлдыздар керек

Redaktor

Қазақстан құрамасы Президент Кубогына қатысатын құрамын жариялады

Redaktor

Парижде «жылап» танымал болған жапон дзюдошысының суреттері көшеге іліне бастады

Redaktor

Пікір жазу