Beksports спорт порталы
СұхбатФутбол

Гүлжігіт Әліқұлов, Қырғызстан құрамасының ойыншысы: Қазақстаннан Беларусьтің жағдайы жақсы

Гүлжігіт Әліқұлов, Қырғызстан құрамасының ойыншысы: Қазақстаннан Беларусьтің жағдайы жақсы

Алматының «Қайрат» клубында ойнаған қырғыз футболшысы Гүлжігіт Әліқұлов Қазақстан мен Беларусь чемпионаттарының деңгейін салыстырды.

Ол Алматыдан кеткен соң, Беларусь елінің «Неман» клубына ауысқан.
«Беларусьте ойнаған ұнайды. Бұл жақтағы турнир қызығырақ, күшке басымдық беріледі. Қазақстанмен салыстырғанда алаң сапасы жоғары. Тек ерте көктемде жасанды төсеніште ойнап, қалған уақытта табиғи алаңда өнер көрсетеміз. Өз алдына биік мақсаттар қоятын «Неман» сапында ойнау керемет сезім сыйлайды. Біз чемпионат пен Кубокта топ жарғымыз келеді. Ауа райы да өте қолайлы, бапкерлік штабпен жақсы тіл табыстық», — деді қырғызстандық футболшы.

Әліқұлов Алматы клубының қатарын 2020 жылдың басында толықтырып, 2023 жылы жазда кетті. Осы аралықта ол 99 матчқа қатысып, 13 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.

Ерсұлтан Кәріпбай

Ұқсас жаңалықтар

«ПСЖ клубының төрт ойыншысы бар»: 2025 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін жариялады

Redaktor

Ұлттар лигасында әйелдер құрамасы екінші рет жеңіске жетті

Redaktor

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында ең жылдам ойыншылардың қатарына енді

Redaktor

Пікір жазу