Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Бір жылдан бері күтіп жүрген пәтері әлем чемпионына тапсырылды

ҰОК

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа былтыр уәде етілген пәтердің кілті бір жылдан кейін табысталды.

Салтанатты рәсім Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының ашылуы барысында өтті. Пәтер кілтін спортшыға Қазақстан күрес федерациясының бірінші вице-президенті Марат Өмірбекұлы тапсырды.

Сонымен қатар, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Айдос Сұлтанғали мен оның бапкеріне де ақшалай сыйақы берілді.

Еске салайық, жақында өткен федерацияның қорытынды жиынында Нұрқожа Қайпановқа пәтер сертификаты табысталғанымен, спортшы пәтерді ала алмай жүргенін айтқан болатын. Бұл мәселе бірнеше қазақстандық БАҚ-та көтерілгеннен кейін, балуанның жағдайы өз шешімін тапты.

Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Венгрияда өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатында 70 келіде топ жарды. Осы жетістігінен кейін оған кәсіпкер Еркін Қожасбай қымбат автокөлік сыйласа, Ақтөбе облысының кәсіпкерлері 20 жылқы тарту еткен. Сонымен қатар, Қайпанов биыл Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ боксшыларын Головкиннің бапкері дайындайды

Redaktor

Суперкомпьютер Еуро-2024 турнирінің жаңа фаворитін атады

admin_beksports

Дзюдодан Қазақстан командасы Алматы облысында дайындалуда

Redaktor

Пікір жазу