Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарХоккей

«Барыс» қатарынан 4 ойында жеңіліп, қарсыластарына ұпай таратумен айналысып жатыр

"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы кеше Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сібір» (Новосібір) клубына қарсы өткізді. 

Ойынға дейін екі команда да турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан еді: елордалық «Барыс» 27 ұпаймен 19-орында болса, «Сібір» 21 ұпаймен 22-орында келе жатқан.

Соған қарамастан, кездесуде ресейлік команда жинақы әрі қарқынды ойын көрсетті. Бірінші кезеңде қатарынан үш шайба соққан «Сібір» басымдықты өз еншісіне алып кетті. «Барыс» екінші кезеңде бір шайбамен ғана жауап бере алды. Ал үшінші кезеңде айдын иелері тағы бір шайба енгізіп, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 4:1. Осылайша «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді.

«Барыс» келесі екі кездесуін елордада өткізеді:

– 5 желтоқсанда «Спартак» (Мәскеу);

– 7 желтоқсанда қайтадан «Сібір» (Новосібір).

Ұқсас жаңалықтар

Талғат Байсуфинов ұлттық құрамаға шақырылған 50 футболшының тізімін жариялады

Redaktor

Абат Айымбетов Қазақстанға оралуы мүмкін

Redaktor

Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Redaktor