Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

IBA әлем чемпионатында қазақ боксшыларын аяқтан шалу басталды

qazsporttv.kz

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға қатысты төрешілік шешімдер көп талқыға түсе бастады. Кеше өткен жарыс күнінде қос бірдей отандасымыз күмәнді шешім салдарынан жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

1/8 финал кезеңінде 80 келі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Жақпеков турнир фавориттерінің бірі саналатын ресейлік Джамбулат Бижамовпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты айқаста қазақстандық боксшы соңғы раундта қарсыласын нокдаунға жібергенімен, төрешілер шешімі Бижамовтың пайдасына шықты. Жекпе-жек 1:4 есебімен аяқталды.

Ал 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нурмагамед Юсупов 1/8 финалда 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері әрі әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері испаниялық Эммануэль Рейес Пладан жеңілді – 1:4.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында барлық 13 салмақ дәрежесінде бақ сынауда. Дубайдағы дүбірлі дода 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

«Нұрбектің өзі кінәлі»: Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбек Оралбайды сынға алды

Redaktor

ҚПЛ-дың жаңа маусымының күнтізбесі анықталды

Redaktor

Өзбекстан тағы бір ірі спорттық жарысты қабылдауға дайындалып жатыр

Redaktor

Пікір жазу