Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден озды

"Қайрат" фк

46 жасында «Қайрат» футбол академиясының жетекшісі, сондай-ақ клубтың бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер қайтыс болды. Бұл туралы Алматы клубының баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Хабарламада Кекердің бүгінгі күні өмірден озғаны айтылып, оның қазақ футболына сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді.

«Бұл – клуб үшін орны толмас ауыр қаза. Он жылдан астам уақыт бойы ол «Қайрат» жүйесіндегі ең маңызды тұлғалардың бірі болды және қазақ футболының даму бағытына айтарлықтай ықпал етті. Кирилл Сергеевич – өз ісіне адал кәсіби маман, талапшыл әрі әділ ұстаз еді. Ол жас ойыншылардың қабілетін ашып, ең жауапты сәттерде қолдау көрсете білді. Оның академияға, негізгі командаға және Қазақстан U-19 құрамасына сіңірген еңбегін бағалау қиын», – делінген клубтың қайғылы хабарламасында.

Клуб мәліметінше, Кекер әр жылдары құрылымның түрлі маңызды бөлімдерінде қызмет атқарған.

«2022–2024 жылдары ол «Қайраттың» негізгі құрамын басқарды. 2025 жылы футбол академиясының жетекшісі болып тағайындалып, сонымен қатар Қазақстан U-19 құрамасында жұмысын жалғастырды. Осылайша, ол еліміздің жаңа буын футболшыларын тәрбиелеуге зор үлес қосты», – делінген мәлімдемеде.

Кекер 2022 жылы «Қайраттың» бас бапкері қызметіне келген. Оның басшылығымен команда 29 жеңіс, 15 тең ойын және 16 жеңіліс нәтижесін көрсетті. Сол кезеңде клуб академиясынан түлеп ұшқан 13 жас ойыншы негізгі құрамда алғаш рет алаңға шыққан.

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды

Redaktor

Александр Бублик туралы жағымсыз мәліметтер жарияланды

Redaktor

Шерхан Қалмырза пенальти қайтарған матчта Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

Redaktor

Пікір жазу