Аргентиналық аңыз футболшы Диего Марадонаның 1984 жылғы Испания кубогінің финалында жыртылған клубтық жейдесі Matchday Football Auctions аукционында 179 мың долларға сатылды. Бастапқы баға 145 мың доллар болғанымен, 23 пайыздық комиссия қосылған соң түпкілікті сома осы мөлшерге жеткен.
Бұл аукциондағы Марадонаның ең қымбат клубтық формасы атанды. Сол кездегі матчта «Барселона» командасы «Атлетикке» (Бильбао) 0:1 есебімен жеңілген. Матч соңында алаңда төбелес болып, жейде жыртылған. Кейін оны команданың формасын жуатын әйел тауып, құрбысына берген. Жарты ғасырдан соң жәдігер мұрагерлік жолмен ұлына өтіп, аукционға қойылды.
Диего Марадона 2020 жылы 60 жасында өмірден өтті. Ол 1986 жылғы әлем чемпионы, «Барселона» сапында Испания кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды. Итальяндық «Наполи» құрамында екі мәрте Италия чемпионы, ел кубогі, Суперкубогі және УЕФА кубогінің иегері атанды.
