Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Алмат Кебісбаев басшылық лауазымға тағайындалды

әлеуметтік желі

Грек-рим күресінен бес дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебісбаев Алматы қаласындағы Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.

Алмат Кебісбаев ұлттық құрама сапында классикалық күреспен жиырма жыл бойы шұғылданған спортшы. Ол Лондон және Рио Олимпиадаларының қатысушысы. Үржар ауданы тумасы Азия ойындарында екі мәрте жүлде жеңіп алған, құрлық біріншіліктерінде алты рет жеңіс тұғырына көтерілген. Әлем чемпионаттарында 2011 жылы Стамбулда күміс, ал Мәскеу-2010, Лас-Вегас-2015, Астана-2019 және Осло-2022 кезеңдерінде төрт қола жүлде иеленген.

1987 жылы туған 38 жастағы спортшы жақында Алматыда өткен ел чемпионатында сынға түскенімен, жүлдеге қол жеткізе алмады. Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт U17 құрамасында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар Оразов пен Ляпунов МХЛ-дың үздіктері атанды

Redaktor

Магомед Адиев: «Крылья Советовқа» бару – мансабымдағы ең дұрыс шешім болмады

Redaktor

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер сатыла басталды

Redaktor