Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

 Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетілетін болды

Фото: әлеуметтік желі

2025 жылдың 7 желтоқсанында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен тарихи кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Қазақстандық және кубалық былғары қолғап шеберлерінің айқасы АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл тартысты кездесуді 7 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінен көре алады.

Ұқсас жаңалықтар

EURO-2026: Қазақстан мен Армения тең түсті

Redaktor

«Қайсарға» 5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық — Қызылорда облысының әкімі

Redaktor

Елена Рыбакина карьерасына қатысты тың жаңалық шықты

Redaktor

Пікір жазу