Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Qazaqstan Student League: ЕҰУ студенттері жеңіске жетті

Фото: ҚФФ
Астанада Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырған 11х11 форматындағы Qazaqstan Student League турнирінің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 13 жоғарғы оқу орындарының командасы қатысты.
Финалда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті командасын 5:0 есебімен жеңген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті командасы Qazaqstan Student League чемпионы атанды. Жеңімпаз команда 2026 жылы наурыз айында Аджман (БАӘ) қаласында өтетін халықаралық жарысқ қатысады. Бұл турнирді Халықаралық студенттер футболы федерация (ISFU) Emirates Sports Group бірге ұйымдастырады.
Фото: ҚФФ

Қола жүлде үшін матчта Astana IT University командасы Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті ұжымын жеңді.

Жеке марапаттар:

  • Үздік қақпашы: Эмир Бакижанов (Astana IT University)

  • Үздік қорғаушы: Сұлтан Абдраман (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

  • Үздік жартылай қорғаушы: Әділхан Батырша (АГЭУ)

  • Сұрмерген: Арсен Ахметов (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)

  • Үздік бапкер: Мақсат Әли (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

  • Үздік ойыншы: Аян Жақайым (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды

Redaktor

Астаналық шахматшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Redaktor

ФИФА рейтингі: Қазақстан 115-орыннан қозғалмады, Өзбекстан ТОП-50 қатарына енді

Redaktor

Пікір жазу