Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Әлішер Кәрімовке қатысты желіде жаға ұстар дерек тарап жатыр

Фото: ашық дереккөз.

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында әнші Әлішер Кәрімовке байланысты түрлі пікірлер тарала бастады. Талқылау негізінен оның «Қазақстанның халық әртісі» атағын иеленуіне қатысты өрбіген.

gosrating парақшасы өз жазбасында бұл марапатқа қатысты пікір білдіріп, мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек еткен «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі Мұрат Құсайынов әлі күнге дейін бұл атақты алмағанын, ал жас әнші Әлішер Кәрімовтің аталмыш марапатқа ие болғанын атап өткен. Сондай-ақ жазбада Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл атақтың қандай еңбегі үшін берілгенін түсіндіреді деген үміт айтылған.

Жазба астында әртүрлі пікірлер жазылып, кейбір қолданушылар өз ойларын білдіруде. Дегенмен аталған ақпараттар ресми органдар тарапынан әзірге расталған жоқ.

Қазіргі уақытта бұл тақырып қоғам назарында, ал мәдениет саласындағы марапаттар мен олардың берілу тәртібіне қатысты сұрақтар талқыланып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Нұрмұқасан» тобынан жанжал шықты

Redaktor

Болат Назарбаевтың 14 баласы оның мұрасына өзара бөліспекші

Redaktor

«Ешкімге айтпап едік, келіп ала береді». Гүлзира Айдарбекова құдағиына ренжіді

Redaktor

Пікір жазу