Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Баян Алагөзованың Пхукет жағалауындағы суреті желіде қызу талқы тудырды

Фото: @bayanmaxatkyzy

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында Пхукет жағалауында түсірілген жаңа фотосуретін жариялады.

Қазір 51 жастағы танымал жұлдыз Таиландта демалып жүр. Жарияланған кадрда Алагөзова күн батқан сәтте көк түсті купальникпен жағалауда позаға түсіп, теңіз жағасының әсем көрінісін толықтырып тұр.

«Күн батқанда әрдайым әдемі кадрлар шығады», – деп жазды ол сурет астына.

Фотосурет қысқа уақытта-ақ желі қолданушыларын екіге бөлді. Бір бөлігі продюсердің үлгілі дене бітімін ерекше атап, оның жасына қарамастан сымбатынан айрылмай келе жатқанын жазды.

«Мұндай мүсін – үлкен еңбектің нәтижесі», «Ғажап сұлулық», «Керемет», – деп жылы пікір қалдырғандар көп болды.

Алайда өзгелері суретті сынға алып, купальниктің жараспай тұрғанын немесе жастыққа қатысты пікірлерін білдірді.

«Купальник үйлеспей тұр», «Бәрібір үлкен екені байқалады», «Жалаңаш түсіре салу керек еді», – деген сыни пікірлер де жазылды.

Желіде қызу талқыланған бұл фотосурет әлі де талай пікір жинайтын сыңайлы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Ұқсас жаңалықтар

Болат Назарбаевтың 14 баласы оның мұрасына өзара бөліспекші

Redaktor

Өзбекстанға жақын жерден арнайы іздедім — Айдар Тұрғанбек

Redaktor

Қайратқа демалу керек – Медеу Арынбаев

Redaktor

Пікір жазу