Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Итеріп жіберсе қайтеді»: Тұрардың бөгде әйелмен билеген сәті елді шулатты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде әнші Тұрардың сахнада өнер көрсетіп жатқан кезде бейтаныс әйелмен жабысып билеген видеосы тарады. Кадрлар көпшіліктің назарын бірден аударып, қызу талқылануда.

Бейнежазбада сахнаға көтерілген әйел Тұрардың қасына жақындап, билей жөнеледі. Әнші де ырғаққа елітіп, оған қосылып кеткендей көрінеді.

Желі қолданушылары бұл әрекетке түрлі пікір қалдырды:

  • «Осыны ең тәуірі деп ойлайтын едім»,

  • «Ұят-ай»,

  • «Итеріп жіберсең кетеді ғой…» – деп жазуда.

Кейбіреулер бұл сәтті «көрермен көңілін көтеруге арналған сахналық әзіл» деп түсіндірсе, енді бір бөлігі өнер иесінің сахнадағы әрекеті көпшілікке үлгі болуы керек, сондықтан мұндай қылық орынсыз екенін айтты.

Әлеуметтік желіде пікірталас әлі де толастар емес. Видеоны көрген жұрттың бір бөлігі әншіні қорғаса, екіншісі сынға алып жатыр.

@_ddanayaa #врек #2rar #менешкімдісүймеймін ♬ оригинальный звук — 𝐝𝐚𝐧𝐚

Ұқсас жаңалықтар

Әлішер Кәрімовке қатысты желіде жаға ұстар дерек тарап жатыр

Redaktor

Шахизада төртінші күйеуі жайлы бар шындықты айтты

Redaktor

Мұқасан Шахзадаевқа тықыр таянды: «Нұр-Мұқасан» тобының солисіне тергеу басталды

Redaktor

Пікір жазу