Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қарақат Әбілдина желі қолданушыларының сынына ұшырады

Скрин видео/sn.kz

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жылға жоспарланған тұсаукесер рәсіміне өтініш қабылданатынын хабарлады.

Өнер иесі бір күннің ішінде 19 қыздың тұсауын кескен сәттен видео жариялап, сәбилердің алғашқы қадамына ақ батасын бергенін айтты.

«Тәй-тәй басқан періштелердің жолы ашық болсын! Бүгінгі қуаныш – ертеңгі тарих. Жаратқан маған осындай ерекше сәттерді сыйлап қойғанына шүкір. Кеше бері жұмыс телефоныма тұсаукесерге жазылу туралы көп өтініш түсіп жатыр. Сондықтан осы посттың астына қалдырған өтініштеріңіз бойынша, Алла қаласа, 2026 жылы тағы да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы – амандық, тыныштық, береке болсын», – деп жазды әнші.

Әбілдина алдағы шараны да игі ниетпен өткізуге ниетті екенін айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Ұқсас жаңалықтар

Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жан сырын ақтарды

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің әйелінің тойдағы образын желі қолданушылары талқыға салды

Redaktor

Актер Нұрсұлтан Жақсыген жаңа сүйіктісін көрсетті

Redaktor

Пікір жазу