Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Масқара: Қазақстандық 8 спортшы допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілді

Фото: Дирекции развития спорта

Қазақстан Республикасының Антидопинг орталығы 2025 жылы WADA кодексін бұзғаны үшін жазаланған спортшылардың ресми тізімін жариялады. Допингке қарсы ережені сақтамағаны анықталған 8 спортшы әртүрлі мерзімге спорттан шеттетілді. Бұл деректер еліміздің бірнеше спорт түрінде тәртіп бұзушылық орын алғанын көрсетеді.

Ауыр атлетикадан төрт спортшыға жаза қолданылды:

Андас Самарқанов (23.05.2025 – 23.05.2033) — Метандиенон.

Нұрхан Салаутов (11.07.2025 – 11.07.2027) — Фуросемид.

Азатжан Зинетов (11.07.2025 – 11.07.2027) — Торасемид.

Ирина Никонорова (25.06.2025 – 25.06.2028) — Метандиенон.

Грек-рим күресінен:

Олжас Ерғали (12.05.2025 – 12.05.2027) — Кломифен.

Азамат Қадіржанов (31.03.2025 – 31.03.2028) — Станозолол.

Әйелдер күресінен:

Ангелина Первухина (27.06.2025 – 27.06.2027) — Фуросемид.

Таеквондодан:

Арайлым Арапбаева (18.04.2025 – 18.04.2027) — Фуросемид.

Андас Самарқановқа ең ұзақ мерзім – 8 жылдық дисквалификация берілді. Себебі бұл оның допингпен ұсталған екінші жағдайы. Ережені қайталай бұзғаны үшін спортшыға ең қатаң шара қолданылып, ұзақ мерзімді шеттету жазасы бекітілді.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы денсаулығы туралы айтты

Redaktor

Әлем чемпионатында қазақстандық алты боксшы жартылай финалға өтті

Redaktor

Өзбекстан Азия жасөспірімдер ойындарының жүлдегерлерін қаржылай марапаттады

Redaktor