Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Асланбек Шымбергенов: Олимпиада алтынын алуға бар күшімді саламын

Париж Олимпиадасында Қазақстанның туын алып шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов жазғы ойындарда жақсы өнер көрсету үшін аянып қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Beksports.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

«Әрбір спортшының арманы — Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алу. Менің де арманым осы. Сол арманымды орындау үшін бар күшімді саламын.

2004 жылы Бақтияр Артаев ағамыз Олимпиада чемпионы болған соң, туған ағам мені бокс секциясына ертіп келді. Содан бері жаттығып, спорттың бұл түрі өзіме ұнап қалды.

Енді, міне, жазғы Олимпиадада еліміздің туын көтеріп шықпақпын. Ең бірінші кезекте бұл үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік. Туымызды желбіретіп барып, желбіретіп қайтамыз», — деді Шымбергенов.

Асланбек Шымбергенов бокстан әлем чемпионы және Азия ойындарының қола жүлдегері.

Ұқсас жаңалықтар

Жәмилә Бақбергенова UWW Әлемдік рейтингінде үздік үштікке енді

Redaktor

Батырмурзаев Олимпиададағы алғашқы белдесуде жеңілді

Redaktor

Қазақстан хоккейшілері элиталық раундта қалды

admin_beksports

Пікір жазу