Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама алды

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды, — деп хабарлайды beksports.kz.

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды.

Еске салайық, күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына барудан бас тартты. Ал ресейліктер сапындағы Заур Угуиев Олимпиада жолдамасын иеленерде біздің Мейрамбек Қартбайдан басым түскен болатын.

Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.

Айта кетелік, Мейрамбек Қартбай 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Ол жолдама үшін таласта Олимпиада чемпионы Заур Угуиевке жол беріп, қалған іріктеу турниріне қатысқан жоқ.

Мейрамбек Қартбай 57 келі салмақта белдеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Англиядағы өмірді көргенде жиіркенішті болды – Елдос Сметов

Redaktor

Семей өңірінен шыққан даңқты балуандар мен бапкерлерге арналған кітап жарық көрді

Redaktor

«Арландар» футбол клубының Португалиямен ынтымақтастығына 10 жыл толды

Redaktor