Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҰлттық спорт

Тоғызқұмалақтың атауын өзгертуге Үкімет қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алдында қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақ» атауын өзгертуді ұсынған болатын, деп хабарлайды  beksports.kz.

Осы сауалға Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді.

Вице-премьер халықтың жадында, сондай-ақ А. Краснов, Н. Пантусов, Б. Куфтин, Р. Карутц, М. Балақаев, Ә. Ақшораев, С. Аманжолов, С. Тілеубаев пен басқа да көптеген ғалымдардың еңбектерінде және М. Әуезовтың шығармаларында ойын «тоғызқұмалақ» деп аталатынын еске салады. Оған қоса, қазақ халқына тиесілі мыңжылдық тарихы бар тоғызқұмалақ атауын өзгерту федерацияның да, басқа  ұйымдардың да құзыретіне кірмейді.

«Осыны ескере отырып, ұлттың мәдени мұрасы болып табылатын мыңжылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынының атауын өз қалпында қалдырғанды жөн деп санаймыз», — делінген жауапта.

Бұған дейін депутат тоғызқұмалақтың  жалпытүркілік атауы бар, ол – Тоғызат деген еді. Сондықтан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен «Тоғызат» деп өзгерту жайлы ұсыныс айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

Дэвис кубогі: Бублик қатысқан кездесуде Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты

Redaktor

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі өтті

Redaktor

Өтемұратов Димашқа теннис туралы ән жаздыруы мүмкін

Redaktor