Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтыққа жарыс басталды.
Қазақстандық спортшылар – Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша – ел намысын қорғауда.
Іріктеу кезеңінде үздік төрттікке ену үшін әрбір спортшы өз тобында 1-2 орын алуы немесе үшінші орын алғандардың ішінде уақыт көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарға шығуы тиіс еді.
Абзал Әжіғалиев екінші топта қарсыластарының құлаған сәтін пайдаланып, мәреге бірінші болып жетіп, тікелей 1/4 финалға жолдама алды.
Денис Никиша өз тобында үшінші орынға тұрақтаса да, уақыт көрсеткіші арқылы іріктеуден өтіп, ширек финалға шықты.
1/4 финал, жартылай финал және финалдық сәттер 19 ақпанға қараған түні өтеді.
