Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Елдос Сметов жерлестері сыйлаған көлікті алғашқы бапкеріне тарту етті

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов туған жері Тұрар Рысқұлов ауданына ат басын бұрып, жерлестерінің зор құрметі мен қошеметіне бөленді.

Аудан жұртшылығы спорт саңлағын Құлан ауылының батыс қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды. Мерекелік кеш ауданның орталық алаңында жалғасты. Мұнда 2 мыңнан астам аудан тұрғыны Елдос Сметовті ыстық ықылас, зор қуанышпен күтіп алды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтау сөз сөйледі. Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметовке жерлестерінің атынан автокөлік мінгізіп (Haval М6), спортшының ата-анасы мен жеке бапкеріне құрмет көрсетті.

Елдос Сметов бұл сыйлықты алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға тарту етіп, ұстазына алғысын білдірді.

Кеш барысында Қойшымановтар әулеті асыл тұқымды жылқы сыйласа,  әнші Нұрислам Сәменқұлов «Біздің Елдос» атты туындысын тарту етті.

Ұқсас жаңалықтар

Азия чемпионатына қатысатын хоккейден әйелдер командасының құрамы жарияланды

Redaktor

Қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирінің жеңімпаздары анықталды

Redaktor

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына екінші алтынды сыйлады

Redaktor

Пікір жазу