Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҰлттық спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Жекпе-жек сарайында қандай жарыстар өтеді

8-13 қыркүйек аралығында елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Жарыс өтетін спорт нысандарының бірі – Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Мұнда ұлттық күрес түрлері бойынша жарыстар өтеді: қазақ күресі, корэш және алыш.

Спорт кешені 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылды.

Жақсылық Үшкемпіров – классикалық стильдегі балуан, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Жекпе-жек сарайы 3 294,6 шаршы метрлік заманауи аренамен және 5 мың көрерменге арналған сыйымдылықпен жабдықталған. Мұнда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар мен чемпионаттар өткізіледі.

Сарай сонымен қатар арбамен қозғалатындарға арналған арнайы орындармен, сондай-ақ аренаға кіру үшін панорамалық лифтпен жабдықталған.

Еске сала кетейік, ойындарға әлемнің 89 елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Ойындар үш бағыт бойынша өтеді – спорт, мәдениет және ғылым.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, «Думан» кешені.

Ұқсас жаңалықтар

«Алматы» шабуылшысын қайтарып алды

Redaktor

Қазақ боксшыларын Головкиннің бапкері дайындайды

Redaktor

Қазақстан мен Армения арасындағы ойынның билеттері сатылымға шықты

Redaktor

Пікір жазу