Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогын үш алтынмен аяқтады

©instagram.com/aibaruly_/

World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогының кезеңі Фос-ду-Игуасу қаласында аяқталды. Финалдық жекпе-жектерде Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Кешкі сессияда отандастарымыз чемпиондық атақ үшін бірнеше салмақта сынға түсті.

80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова венгриялық Жофия Сираны 5:0 есебімен айқын жеңіп, алтын медаль иеленді.

85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы бразилиялық Кауэ Белиниді 4:1 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 0:5 есебімен жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Жалпы қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы турнирді 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін Виктория Графеева (60 кг) алтын иеленсе, Алуа Балқыбекова (51 кг), Жібек Жарасқызы (80 кг) және Диас Молжігітов (80 кг) қола жүлде алған.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Бразилия (4 алтын, 5 күміс), екінші орынды Қытай (4 алтын, 1 қола) иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

«Футбол қатал спорт»: Ферапонтов «Қайсар» неге жеңе алмай жүргенін айтты

Redaktor

Данияр Шамшаев ұзақ үзілістен кейін камбэк жасады

Redaktor

Қазақ баласы самбодан әлем чемпионы атанды

Redaktor