Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдо

Ғұсман Қырғызбаев спорттық карьерасын жалғастырады

ҚР ҰОК

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев мансабына қатысты сұраққа жауап берді. «Берен» ютуб-арнасына сұхбат берген дзюдошы алдағы 4 жылда құрамадан кетпейтінін ресми мәлімдеді.

Париж Олимпиадасынан кейін бапкеріммен ақылдаса келе 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадық. Лос-Анджелеске дейін күресе беруді көздеп отырмыз. Парижде алған қола медаль маған ерекше шабыт сыйлады. Жарақат, алаңдататындай мәселе жоқ. Денсаулығыма еш шағымым жоқ. Дзюдо – менің жұмысым. Бар мүмкіндікті пайдаланып, келесі Олимпиадаға қатысқым келеді. Соған аянбай еңбек етіп, жұмысты жалғастырамыз, — деді Ғұсман Қырғызбаев.

Спортшы 1992 жылы туған. Ол бұған дейін 60 келіде бірнеше халықаралық жарыста жүлдегер атанды. Мәселен, 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алса, кейін Азия чемпионатында екі мәрте қола жүлде еншіледі.

Ұқсас жаңалықтар

«ПСЖ клубының төрт ойыншысы бар»: 2025 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін жариялады

Redaktor

Елдос Сметов жоқ: Қазақстан Аустриядағы турнирге қатысатын құрамын жариялады

Redaktor

Бас бапкер Оралбайдың жаңа салмаққа ауысатынын мәлімдеді

Redaktor