Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Ербол Мырзабосынов Черчесовтің әрекетін кешіруге шақырды

Жақында ҚФФ-дан Станислав Черчесовке қатысты түсінік сұратқан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов енді ресейлік бапкерді кешіруге шақырды.

Құрметті достар! Әрине, Станислав Черчесовтің «француз тіліне» қатысты қалжыңы орынсыз болды. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бапкердің өзі де бек түсінеді. Дегенмен Черчесовтің басты міндеті – ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше, оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын. Біз қашаннан қонақжай, дархан мінезді, кешірімді елміз. Бізді мықты ел ететін де осы қасиеттер. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал. Кез келген даулы мәселені ақыл-парасатпен шешетін толерантты, өркениетті, яғни дана қоғам екенімізді көрсете білейік. Станислав Черчесов – халықаралық деңгейдегі танымал футболист әрі 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы. Сондықтан ол түбінде қазақстандық жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құраманы қазіргі күрделі кезеңнен абыроймен алып шығады деп сенемін. Бәріміз мүддесі ортақ футбол жанашырлары ретінде бір-бірімізді қолдап жүрейік!, — деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, ҚР Туризм және спорт министрлігі Станислав Черчесовтің әзіліне қатысты Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдап, бас бапкердің әрекетіне қатысты Футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап еткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан боксшылар «Странджа» кубогынан 18 медаль алд

Redaktor

өшпенділер ойындары: Астанада атқа мінгендер шеруі өтті

Redaktor

Адиев соңғы матчын өткізе ме?

admin_beksports

Пікір жазу