Beksports спорт порталы
Басты ақпаратКүрес

Әлем чемпионаты: қазақстандық грек-рим күресінің шебері финалға шықты

ҚР ҰОК

Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын финалға жолдама алды.

63 келіде күресетін отандасымыз жартылай финалда ресейлік Садық Лалаевты уақытынан бұрын ұтты. Осылайша ол финалға шығып, енді Әзербайжан өкілі Нихад Мамадлимен өзара мықтыны анықтайды.

Ержет бүгінгі жарыстың бірінші айналымында Польша балуанымен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті (9:0). Ал ширек финалда француз спортшысын 10:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты.

Ал 55, 72, 82 келіде белдескен отандық балуандар іріктеу кезеңінде сүрінді.

Ұқсас жаңалықтар

Данияр Елеусінов Геннадий Головкинмен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты

Redaktor

Ресей спорт министрі Елена Рыбакина, Александр Бубликке Ресейге кіруге шектеу қоюды ұсынды

Redaktor

Қазақстанның үздік теннисшісі маусым алдындағы қиындықтары туралы айтты

Redaktor