Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларының қатарында

Фото: instagram.com/anarbekov_temirlan77/

Қазақстан құрамасы мен «Кайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары рейтингінде алғашқы үштікке кірді.

Белгілі Sofascore порталы футболшының ойын сапасын жоғары бағалап, оны турнирдің төрт тур қорытындысы бойынша екінші орынға қойды. 22 жастағы қақпашы 8,95 ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінді.

Рейтингтің көшін «Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен бастаса (9,00 ұпай), үшінші орында «Барселона» қақпашысы Жуан Гарсия тұр (8,80 ұпай).

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков рейтингте әлемдік жұлдыздар – «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальды (8,07), «Манчестер Сити» ойыншысы Эрлинг Холландты (7,98) және «Реал» форварды Килиан Мбаппені (7,93) артта қалдырды.

Бұл нәтижемен жас қазақстандық қақпашы Еуропа аренасындағы ең жарқын ойыншылардың бірі атанып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

16 жасар қазақстандық мансабын АҚШ-та жалғастырады

Redaktor

Қазақстандағы төрешілікті португалиялық маман басқарады

Redaktor

«Барыс» рейтингте өзінен кейін тұрған командадан оңбай жеңілді

Redaktor