Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында 96 келіде бақ сынаған қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды.

Ол серпе көтеруде 174 келіні еңсерсе, жұлқа көтеруде 214 келіні ырқына бағындырды. Қос сайыстың нәтижесі  —  388 келі.

Бұл – осы әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алған екінші жүлде. Бұған дейін 81 келіде Алексей Чуркин күміс медаль алған болатын.

Екінші орынды грузиялық спортшы Реваз Давитадзе еншіледі. Грузиялық спортшы  387 келі (177+210) салмақты көтерді. Үздік үштікті ирандық Али Алипур түйіндеді. Оның шамасы 387 (173+214) келіні көтеруге жетті.

Айта кетейік, Нұрғиса 2023 жылы 5 мамырда Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Бірақ сол жолы допингтік тексерістен өткенде сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қанынан тыйым салынған SARMS S-23 препараты табылды. Спортшы 2024 жылдың 17 қарашасына дейін дисквалификация алған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

Redaktor

2024 жылғы Олимпиадада отандық бапкерлер мен дәрігерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Redaktor

Сметов жеңе алмаған жапонның танымал дзюдошысы үлкен спортқа оралады

Redaktor

Пікір жазу