Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Саматәлі Төлтаевтың дисквалификациясы аяқталды

ҰОК

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін берілген дисквалификация мерзімін толық өтеп, енді әуесқой бокс деңгейінде ресми жарыстарға қатысу құқығына ие болды.

Спортшының жарыстардан шеттетілу мерзімі 2026 жылғы 31 наурызда аяқталды. Осылайша, ол қайтадан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында халықаралық турнирлерге қатысу мүмкіндігіне ие.

Еске салайық, 2023 жылы Ұлттық допингке қарсы агенттік Төлтаевтың оралтуринабол анықтаған болатын. Соның нәтижесінде боксшыға 2023 жылғы 31 наурыздан 2026 жылғы 31 наурызға дейін үш жылдық дисквалификация берілген еді.

Шеттету кезеңінде Саматәлі Төлтаев кәсіби бокста да бағын сынап көрді. Ол сыңары Санатәлі Төлтаевпен бірге кәсіби мансабын бастап, 2024-2025 жылдары алты жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның үшеуі мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ұқсас жаңалықтар

«Ертіс» клубы нигериялық қорғаушыға 3,5 млн теңге жалақы төлейтін болды

Redaktor

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға 3 бөлмелі пәтер табысталды

Redaktor

Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-оффына шығу үшін шешуші ойын өткізеді

Redaktor