Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына екінші алтынды сыйлады

2025 жылғы Қысқы универсиадада Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады. Бұл жолы ол жұптық фристайл-могулдан жеңіс тұғырына көтерілді.

Жұптық фристайл-могул сайысында ел намысын Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова қорғады. Нәтижесінде Анастасия үздік шығып, чемпиондыққа қол жеткізді. Ал Аяулым Әмренова бұл жарыста екінші орыннан көрінді.

Анастасия Городко 2005 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Қазірге дейін 2021 жылы Алматы қаласында өткен әлем чемпионатында параллелді могулда қола жүлде алды.

Бүгінде ол Қазақ спорт және туризм академиясында 3 курс оқиды.

Сондай-ақ фристайлда жұптық-могулдан ерлер арасында Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері болды.

Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

Ұқсас жаңалықтар

Тоғызқұмалақтың атауын өзгертуге Үкімет қарсы шықты

Redaktor

Геннадий Головкин мансабында қанша табыс тапқаны белгілі болды

Redaktor

Майк Тайсонды жеңген Джейк Пол қалыңдығы үшін көз жасына ерік берді

Redaktor