Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Ерасыл Қажыбаевқа Grand Slam-да қола жүлде бұйырды

«Қазақстан барысының» жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев дзюдо күресінен 2025 жылды сәтті бастады. Ол Әзербайжанның Баку қаласында өткен Grand Slam турнирінде 100 келі салмақта қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз жарыс жолында алдымен жергілікті балуан Жамал Фейзиевті жеңген еді. Одан кейін ширек финалда осы жарыстың басты фавориттерінің бірі саналған ресейлік Тамерлан Башаевқа есе жіберді. Дегенмен жұбаныш белдесуде түркиялық Ибрагим Татароглуды иппонға тастады. Ал қола жүлде үшін тартыста жастар арасында әлем чемпионы, грузиялық Саба Инанеишвилимен белдесті.

Жекпе-жек өте тартысты өтіп, қарсыластар екі реттен шидо алды. 5 минут 20 секундта Ерасыл қарсыласын иппонға түсіріп, жеңіске қол жеткізді.

Ерасыл – қазақ балуандары арасында биылғы маусымда алғаш болып жүлде алды. Бакуге барған өзге спортшылардың барлығы жеңілді.

Ұқсас жаңалықтар

Демеу Жадыраевтың бапкерлікке кеткені дұрыс шығар: Юрий Мельниченко

Redaktor

Ербол Мырзабосынов Черчесовтің әрекетін кешіруге шақырды

Redaktor

​Астанадағы бокс кешінің толық карды белгілі болды

Redaktor

Пікір жазу