Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Шорт-тректен эстафетадан қола жүлде бұйырды

Италияның Милан қаласында өткен шорт-тректен Әлемдік тур (Әлем кубогы) кезеңінде Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрге эстафеталық жүгіруден қола жүлдені жеңіп алды.

Алтын жүлдені жарыс қожайындары Италия құрамасы еншілесе, күміс жүлдені канадалықтар иеленді.
Қазақстан сапынан Әділ Галиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.

Жерлестеріміздің жолы болды десек, қателеспейміз. Өйткені Қытай құрамасының спортшылары құлап, Оңтүстік Корея атлеттері дисквалификация алды.

Ұқсас жаңалықтар

Луиш Нани ҚПЛ-дегі алғашқы матчында ерекше әрекетімен көзге түсті

Redaktor

Әмір Омарханов алғаш рет АТР рейтингіне енді

Redaktor

Александр Бублик «Уимблдон» турнирінің келесі кезеңіне өтті

Redaktor