Бүгін Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаров баспасөз мәжілісінде студенттік футболға ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Bekspors.kz.
Тағы бір маңызды бағыт – студенттік футболды дамыту. Инфрақұрылымы және жарысқа қатысатын командасы бар университеттер арасында студенттер лигасының пилоттық жобасын іске қосамыз. Алғашқы кезеңде командалардың саны көп болмайды, бұл жарыстың сапасын қамтамасыз етіп, трансляция ұйымдастыру және қоғам тарапынан қызығушылықты арттыру үшін жасалады.
Лига осы уақытта өтіп студенттік жарыстарды қайталамай, жоғары деңгейге шығуды көздейді. Өзге де жоғары оқу орындары үшін үлгі болады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман арасында кездесу өтіп, алғашқы келісімдерге қол жетті-, дейді Марат Омаров.
Ол студенттік футбол – кәсіпқой карьераның баламасы ғана емес, сонымен қатар сапалы кадрлық резерв дайындау үшін ресурс болмақ.
Футбол қолжетімді болуы міндет, сол себепті QJ League және Super bol жобалары институционалдық қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Үлкен қала немесе шалғай ауылда тұратын балалардың мүмкіндігі болуы тиіс. Сонымен қатар Федерация аймақтық турнирлерді, аула лигаларын, мектеп аралық чемпионаттарды және балалар секцияларына қолдау көрсетеді. Бұл сұрақ бойынша Алматы қаласының әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Аулаларда футбол және өзге де спорт түрлеріне арналған алаңдар салынады. Бұқаралық футболды дамыту мақсатында InDrive компаниясымен келісімшартқа отырдық. Олар әуесқой командалар арасында Аймақтар кубогының титулды демеушісі болады және 500 мың доллар бөледі. Жарыстың жеңімпазы УЕФА Аймақтар кубогы халықаралық турниріне қатысады және ҚР Екінші лигасы мен Қазақстан Кубогына жолдама алады, -дейді федерация басшысы.