Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

Бүгін, футболдан Қазақстан Суперкубогінің финалында «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті. Нәтижесінде алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, кубок иегері атанды.

Матч «Астана Аренада» өтті. Ойынның жарнамасы алдын ала жария болғанымен, стадион жанкүйерге лық толған жоқ. Ал, бірінші тайм «Қайраттың» белсенділігімен өтті, десе де қақпа алдында қауіпті сәттер болмады.

Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана командаласының берген пасын ұтымды пайдаланып, «Ақтөбе» қақпашсынан айласын асырды.

Ал, 61-минутта төреші «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапаловқа «қызыл қағаз» көрсетіп, алаңнан қуды. Соған қарамастан ақтөбеліктер есепті теңестіре алған жоқ. Теңестіру былай тұрсын, 86-минутта өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Сантана пас беріп, Громыко гол соқты.

Айта кетейік, екінші таймның ортасында алаңға «Қайраттың» әйгілі жас ойыншысы Дастан Сәтпаев шыққан. Форвард тәуір ойнағанымен, гол соғатын бірер сәтті пайдалана алмады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Жекпе-жек сарайында қандай жарыстар өтеді

Redaktor

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды

Redaktor

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы құрлық додасында 7 медаль жеңіп алды

Redaktor

Пікір жазу