Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

АГМП кубогы: тау-кен металлургтері жасыл алаңда доп тебеді

25-26 маусым күндері Астанада Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының (АГМП) шағын футболдан Кубогы үшінші рет өтеді.

Қысқа уақыт ішінде АГМП Кубогы еліміздің тау-кен металлургия кешеніндегі ең ірі корпоративтік спорттық жобалардың біріне айналды. Турнир саланың жетекші кәсіпорындарының қызметкерлерін салауатты өмір салты, командалық рух және кәсіби әріптестік құндылықтары төңірегінде біріктіріп келеді.

АГМП Кубогының басты ерекшеліктерінің бірі – халықаралық деңгейдегі жарыстарға жол ашуы. Қазақстанның Әуесқой Футбол Лигасымен ынтымақтастық аясында турнир жеңімпаздары халықаралық әуесқой турнирлерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кету керек, 2024 жылғы АГМП Кубогының жеңімпазы – «Қазақмыс» корпорациясының командасы Түркияда өткен Euro Business Cup халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғап, қола жүлдеге ие болған еді. Бұл нәтиже қазақстандық корпоративтік футболдың халықаралық деңгейдегі әлеуетін айқын көрсетті.

Биылғы турнирде командалар АГМП Кубогын жеңіп алумен қатар, халықаралық жарыстарға жолдама үшін де таласады. Атап айтқанда, Испанияда өтетін EMF Champions League / Euro Cup Masters және Түркиядағы Euro Business Cup турнирлеріне қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

2026 жылғы турнирдің тағы бір ерекшелігі – жарысқа алғаш рет Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының құрамасы қатысады. Республикалық, салалық және өңірлік БАҚ өкілдерінен жасақталған команда тау-кен металлургия кәсіпорындарының ұжымдарымен бірге алаңға шығып, жүлделі орындар үшін бақ сынамақ.

АГМП Кубогы Қазақстан футзал қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылады. Турнирдің мақсаты – корпоративтік спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Жарысқа АГМП мүшелері болып табылатын кәсіпорындар мен қауымдастық серіктестерінің командалары қатысады.

Жарысқа қатысушылар:

ЖОФ ТОО «Корпорация Казахмыс»
2. «IT-Kazakhmys»
3. ТОО «Kazakhmys Maintenance Services»
4. ТОО «Казахмыс Смэтинг» БМЗ
5. Казахмыс Смэлтинг ЖМЗ
6. Nordgold Суздаль
7. Beksports.kz
8. ФК «Qarmet»
9. НПП РК Атамекен

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында тағы бір тарихи нәтиже тіркеді

Redaktor

IBA Әлем чемпионатына қатысатын жұлдызды боксшылар тізімін жариялады

Redaktor

«Барыс» ҚХЛ-де ірі сенсация жасады

Redaktor