Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Марат Омаров отандық клубтардың басшыларымен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Басқосуда елдегі кәсіби футболды дамытуға бағытталған стратегиялық бастамалар таныстырылды.

Кездесуде қозғалған басты мәселелердің бірі – ҚФФ аясында өтетін жарыстар жүйесін реформалау болды. Марат Талғатұлы федерация мен клубтар арасындағы тығыз байланыс орнатудың маңызын атап өтіп, отандық футболды тек бірлесе жаңа деңгейге көтеруге болатынын айтты.

Жиында ҚФФ басшысы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясын таныстырып, чемпионаттағы басты өзгерістерге тоқталды. Соның ішінде клубтар үшін қаржылық жарналардың азайтылуы мен чемпионат атауынан беттинг компанияларының алынуы айтылды.

Сондай-ақ, төрешілік, демеушілік және аймақтық футболды дамыту мәселелері де талқыланды. Федерация өңірлік клубтарды қолдауға бағытталған бірқатар бастамаларды қолға алады. Атап айтқанда, демеушілер тарту, бизнес қауымдастықпен байланыс орнату, жанкүйерлер қатарын көбейту және жастар арасында футболды насихаттау бойынша арнайы бағдарламалар енгізіледі. Бұл шаралар клубтардың географиялық орналасуына қарамастан, бәріне бірдей мүмкіндік жасауға жол ашады.

Фото: ҚФФ

Ұқсас жаңалықтар

Бауыржан Исламхан жарақатынан кейін операция жасады

Redaktor

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

Redaktor

Қазақ баласы Australian Open турнирінің ширек финалына шыға алмады

Redaktor

Пікір жазу