Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарСпорттан тыс

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы сынға жауап берді: «Оның аяқ-қолын ешкім байлап отырған жоқ»

Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуінің 60 жылдық мерейтойынан кейін көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Әлеуметтік желі қолданушылары тойдан оның келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың көрінбеуін байқаған соң түрлі болжамдар жасай бастаған. Гүлзира Үсенқызы бұл пікірлерге ашық түрде жауап беріп, келінін ешкім шектемейтінін айтты.

«Инста әлеміне шықпаса, аяқ-қолын кісендеп, 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды. Үйдің тірлігіне байладым деп те айта алмаймын, бәрін көмекшіге жасаттым, еш уайымсыз болыңыз. Сіз министрлер мен президенттің әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға “әйелдеріңді неге шығармайсыңдар” деп қырылмайсыз? Біреудің отбасына қадалып не болды сізге, менің келіндерімнің бейшара түрін көріп пе едіңіз?» – деп жазды ол.

Соған қарамастан, кей қолданушылар мерейтойда Жұлдыз бен оның ата-анасының болмағанын атап, түрлі пікірлер білдірді. «Жұлдыз көрінбейді, ата-анасы да тойға келмеген», «Құдалары оқыған-тоқыған азаматтар, мыналардың тойларына келе бермейтін шығар», «Балаларын жіберіпті» деген секілді пікірлер көптеп жазылды. Осылайша, Айдарбекова отбасы жайлы тақырып әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.

Ұқсас жаңалықтар

Суперкомпьютер Еуро-2024 турнирінің жаңа фаворитін атады

admin_beksports

Қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирінің жеңімпаздары анықталды

Redaktor

Өскеменде ескірген футбол алаңы жаңғыртылды

Redaktor

Пікір жазу