Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарСпорттан тыс

Гауһар Әлімбекова туралы тың ақпарат шықты

Фото интернеттен алынды.

Қоғам белсендісі Құрал Сейітхан әлеуметтік желіде танымал адамдар арасында түрлі өтірік әңгімелерімен белгілі болған бір әйелдің әрекеттері туралы жазба жариялады.


«Коттедж сыйладым деп Гауһар Әлімбекованы алдаған»

Белсендінің айтуынша, оқиға шамамен төрт жыл бұрын, әнші Гауһар Әлімбекованың 50 жасқа толған туған күнінде болған.

«Гауһардың туған күнін бір мейрамханада дүркіретіп атап жатқан едік. Көптеген әншілер мен әртістер келді. Солардың арасында Мейрамбек Беспаев та бар еді.
Сол кеште ерекше көзге түскен бір қыз болды. Әдемі көйлек киіп алған, бір орында отырмай, ары-бері жүр. Адамдар оның жайында “Ақтаудан арнайы келіпті, «ҚазМұнайГазда» істейді, осы кештің басты демеушісі екен” деп күбірлесті.
Бір кезде сол қызға тост кезегі келді. Микрофон алып, бүкіл халықтың көзінше Гауһар Әлімбековаға коттедж сыйлаймын деп, үйдің кілтін қолына ұстатты. Біз бәріміз қуанып, ду қол шапалақтадық», – деп жазды Құрал Сейітхан.

Алайда көп ұзамай жағдай басқа бағытта өрбіген. Белсендінің айтуынша, әлгі әйел «коттедж дайын емес, ертең бітіп қалады» деп уәде етіп, Гауһар Әлімбекованың үйінде тұрып алған.

«Осылайша күнде “ертең бітіреді” деп алдаумен болды. Сол кеште бұл қыз Абзал Құспанмен де танысқан еді. Кейін оған хабарласып, ақша сұраған. Бұдан бөлек, Гауһардың бірнеше таныстарынан да қарыз сұрағаны анықталды. Ақыры Гауһар бұл қыздан әзер құтылды. Коттедж де жоқ, уәде де бос сөз болып шықты», – деп жазды Сейітхан.


«Өтірігімен шаршатқан қыз»

Белсендінің жазбасында ол әйел өзін Ақтауда туған Диана деп таныстырғаны айтылған.

«Кейін сол қыз маған хабарласып, “Гауһармен мені қайта табыстыр” деп өтінді. Бірақ Гауһар бұдан әбден шаршаған еді, тіпті атын естігісі келмеді. Содан кейін мен де оны бұғаттап, байланысымды үздім», – деді Құрал Сейітхан.


Қоғам белсендісі жазбасында аталған қыздың нақты кім екені белгісіз екенін айтты.
«Ақтау қаласында туғанмын, есімім Диана» деп таныстырған бұл әйелдің жеке деректері мен мәліметтері әлі нақты анықталған жоқ.


Құрал Сейітханның жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік оқиғаның егжей-тегжейіне қызығушылық танытып, мұндай жағдайларға сақ болуға шақыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Елдос Сметов Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ

Redaktor

Белгілі кәсіпкер Азия чемпионы Азамат Дәулетбековке көлік сыйлады

Redaktor

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Redaktor

Пікір жазу