Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтарТеннис

Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан ATP 250 Almaty Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама ала алмады.

Іріктеу кезеңінің финалында ол австралиялық Джеймс Даквортқа 4:6, 6:4, 5:7 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

«Әрине, жеңіліс ауыр тиді. Өз көрерменіңнің алдында бар күшіңді салғың келеді, бірақ кейде нәтиже ойдағыдай болмайды. Үйде ойнау – ерекше жауапкершілік, сондықтан бұл жеңіліс мен үшін өте ауыр болды», – деді Кукушкин матчтан кейін.

11–19 қазан аралығында Алматы Аренада жүлде қоры миллион доллардан асатын ATP 250 Almaty Open турнирі өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

«Барыс» қатарынан екінші жеңіске жетті

Redaktor

Қыздарымыз Арменияның әуселесін байқап көреді

admin_beksports

Қазақ қызы Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Redaktor