Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Алматыдағы қысқы Азия ойындарына жаңа спорт нысандары салынбайды – Серік Жарасбаев

Фото: Depositphotos

2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындары қарсаңында Алматыда жаңа спорт нысандарын салу жоспарланбаған. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаладағы қолданыстағы инфрақұрылымға арнайы мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде нысандардың халықаралық талаптарға сай екені және жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік беретіні анықталған.

— Бұл нысандар халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және Азия ойындары бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Азия ойындары үшін қосымша жаңа спорт нысандарын салу қажет емес, — деді Серік Жарасбаев

Вице-министрдің сөзінше, бұған дейін Алматыда өткен 2011 жылғы қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы қысқы Универсиада қаланың ірі халықаралық додаларды қабылдай алатынын дәлелдеген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ағайынды Оралбай мен Төрехандардың жекпе-жектерін қайдан көруге болады

Redaktor

Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасынан кеткен соң жаңа команданы жаттықтыруға келісті

Redaktor

Елена Рыбакина беделді турнирге жолдама алды

Redaktor