Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтарКүрес

«Олимпиадада мәжбүрлі түрде ұтылдым»: Әбиба Әбужақынова елге беймәлім сырын ашты

vesti.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында бесінші орын алуына не себеп болғанын алғаш рет ашық айтты.

Олимпиада ұтылып қалып, бесінші орын алғаннан кейін спортты қоямын деп ойладым. Ақталу да емес, бірақ испан қызына ұтылған кезде миым шайқалған. Ары қарай үшінші орынға күрескен сәтімде ағзам сезбеді. Сол кезде мәжбүрлі түрде ұтылдым. Күресе алмағаным қатты мазалайды. Жанымда болған бапкерім, дәрігерім білді. Халық та, басқа ешкім де білген жоқ. Олимпиаданың алдында Дохада өткен әлем чемпионатында тіземді ауыртып алғам. Сол тіземді қатты байлап тастағыны да маған кедергі жасап тұрды. Камерадан сол жарақатым сезілгені көрініпті. Олимпиададағы жеңілістен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат бермей, қашып келе жатып, Qazsport-қа «Қазақ халқынан кешірім сұраймын, мен медаль ала алмадым. Медаль қарыз едім» деп қысқа ғана сұхат бергем. Сол сөзім тарап кетіп, халық жақсы қолдау көрсетті. Мен үшін өлең шығарғандар да болды. Қазақстанға келгесін бірінші көлікті депутаттар берді. Сосын Атыраудағы бір компания Zeekr көлігін берсе, «Жеңіс» клубы үшінші көлігімді сыйлады, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Ұқсас жаңалықтар

Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер

Redaktor

Астанада көкпар мен көкбөріден халықаралық жарыс өтеді

Redaktor

Елдос Сметов жерлестері сыйлаған көлікті алғашқы бапкеріне тарту етті

Redaktor

Пікір жазу