17 жастағы қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов ATP 250 Almaty Open турнирінің алғашқы кезеңінде жарысты аяқтады.
Бірінші айналымда ол былтырғы финалист, әлемдік рейтингтің 35-орнында тұрған канадалық Габриэль Диалломен шеберлік байқасты. Дегенмен кездесу 6:3, 6:1 есебімен канадалық ойыншының пайдасына аяқталды.
Қарсыластың добын қабылдауы қиын болды. Ол оң жақтан да, сол жақтан да қысым жасады, жиі торға шығып отырды. Өзімнің соққым жаман болған жоқ деп ойлаймын. Екі сетте де ерте брейктер оның сенімділігін арттырып, менікін азайтты. Бұл үлкен рөл атқарды деп санаймын. Биыл қысым былтырғыдан көбірек болды, ал шын айтсам, керісінше болады деп ойлаған едім. Диалло өте жақсы ойнады, сондықтан нақты кіммен ойнау қиынырақ болғанын айту қиын. Дегенмен бүгінгі матч расында ауыр болды. Қарсылас рейтингте жоғары, әрі айқын басымдықпен ойнады. Бірақ Эванстың да өзіндік ерекше стилі бар, онымен де ойнау оңай емес, – деді Омарханов баспасөз мәслихатында.