Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Үкімет сыйлық жасап, 7 мың адамға үй бермекші

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Қазақстан Үкіметі «Әскери баспана» бағдарламасын қайта іске қосу туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі отырыста Үкімет елдегі ипотекалық бағдарламаларға бөлінетін қаржыны екі есе арттыруды мақұлдады. Бұл шешім тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспанаға қолжетімділігін арттыруды көздейді.

«Сонымен қатар сұранысқа ие «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады. Ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасы үшін жаңа үйден немесе қайталама нарықтан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді», – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар бағдарлама аясында қатысушы құрылыс компанияларына үй бағасын үш жыл бойы қымбаттатпау міндеті жүктелді.


Бұл бастама әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған және тұрғын үй нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

«Буындарымнан тер шығып жатыр». Алтынай Жорабаева быламық тағамының құпиясын бөлісті

Redaktor

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Redaktor

Атыраудағы қанды оқиға: күдіктілердің бұрынғы көршісі күтпеген жайтты айтты

Redaktor